Джордж Герберт Уокер Буш
| Джордж Герберт Уокер Буш ағылш. George Herbert Walker Bush | ||||
АҚШ президенті үлкен Джордж Буш | ||||
| Лауазымы | ||||
|---|---|---|---|---|
| ||||
| 20 қаңтар 1989 жыл — 20 қаңтар 1993 жыл | ||||
| Президент | Рональд Рейган | |||
| Ізашары | Рональд Рейган | |||
| Ізбасары | Билл Клинтон | |||
| ||||
| 20 қаңтар 1981 жыл — 20 қаңтар 1989 жыл | ||||
| Ізашары | Уолтер Мондейл | |||
| Ізбасары | Джеймс «Дэн» Куэйл | |||
| ||||
| 30 қаңтар 1976 жыл — 20 қаңтар 1977 жыл | ||||
| Ізашары | Уильям Колби | |||
| Ізбасары | Стэнсфилд Тернер | |||
| Өмірбаяны | ||||
| Партиясы | Республикалық партиясы | |||
| Білімі | Йель университеті | |||
| Діні | Протестантизм, АҚШ Епископ шіркеуі | |||
| Дүниеге келуі | 12 маусым 1924 Милтон, Массачусетс,АҚШ | |||
| Қайтыс болуы | 1 желтоқсан 2018 (94 жас) Хьюстон, Техас, АҚШ | |||
| Әкесі | Прескотт Буш | |||
| Анасы | Дороти Уолкер Буш | |||
| Жұбайы | Барбара Буш | |||
| Балалары | балалары: Джордж, Джеб, Нил, Марвин қыздары: Полина Робинсон және Дороти | |||
| Сайты | George H. W. Bush | |||
| Қолтаңбасы | ||||
| өңдеу | ||||
Джодж Герберт Уокер Буш (ағылш. George Herbert Walker Bush, Массачусетс штаты, Милтонда туған) — АҚШ 41-ші президенті (1989—1993 жылдары), Рональд Рейган кезінде вице-президент (1981—1989 жылдары), конгрессмен, дипломат, Орталық барлау басқармасының директоры. Республикалық партиясының мүшесі., Американың мемлекет қайраткері, кіші Джордж Буштың әкесі.
Өмірбаяны
[өңдеу | дереккөзін өңдеу]Массачусетс штатында сенатор және нью-йорктік банкир Прескотт Буш пен Дороти Уолкер Буштың отбасында дүниеге келген. Солтүстік-шығыс штаттардың ықпалды саяси және іскерлер отбасында дүниеге келген. Йель университетін бітірген (1948). 1967 — 71 жылы АҚШ Конгресінің өкілдер палатасының мүшесі, 1971 — 73 жылы БҰҰ-дағы АҚШ өкілі, 1976 — 77 жылы Орталық барлау басқармасының директоры, 1981 — 89 жылдары АҚШ-тың вице-президенті, 1989 — 93 жылдары президенті болды. Мұнай бизнесінің мүддесін білдіруші өкіл ретінде өзінің саяси мансабын республикалық партиядан бастаған. Буш ішкі саясатта — нашақорлықпен күресуге, жаңа америкалық мектеп құру жобасын енгізуге, сыртқы саясатта — халықартардың қауымдастықты күшейтуге, Парсы шығанағындағы дағдарысты реттеуге ұмтылды. Буш президент болған кезеңде АҚШ алғашқылардың бірі болып, Қазақстан Республикасының тәуелсіздігін танып, дипломатиялық қарым-қатынас орнатты. 1992 жылы алғаш рет екі мемлекет арасында сауда жөніндегі келісімге қол қойылды. 1992 жылы мамырда Қазақстан Республикасының Президенті Н.Назарбаев АҚШ-қа ресми сапарында Бушпен кездесіп, ядролық қаруды таратпау жөніндегі келісімшартқа қол қойды.W. Bush
Буштың есімімен Парсы шығанағындағы соғысы (бірінші Ирак соғысы) өткізілуі және суық соңысының аяқталауы байланысты.
Дереккөздер
[өңдеу | дереккөзін өңдеу]Сілтемелер
[өңдеу | дереккөзін өңдеу]
| ||||||||||||||
| ||||||||||||||||||||
| ||||||||||






