close
Мазмұнға өту

Валерий Никитич Рухледев

Уикипедия — ашық энциклопедиясынан алынған мәлімет
Валерий Никитич Рухледев
Жеке мағлұматтар
Азаматтығы

BERJAYA КСРО, BERJAYA Ресей

Мамандандыру

Дзюдо, самбо

Клубы

Спартак, Одесса

Туған күні

18 қаңтар 1948 (1948-01-18)

Туған жері

Заозёрный, Рыбная ауданы, Красноярск өлкесі, РКФСР, КСРО

Қайтыс болған күні

9 сәуір 2026 (2026-04-09) (78 жас)

Салмағы

93 кг дейін

Валерий Никитич Рухледев (кейде Рухлядев; 18 қаңтар 1948, Рыбная ауданы, Красноярск өлкесі9 сәуір 2026) — кеңестік самбошы және дзюдошы мен ресейлік спорт әкімшісі.

Рухледев чемпион және көптеген КСРО, Еуропа және әлем бойынша дзюдодан және самбодан чемпионаттарының жүлдегері, Сурдлимпикалық ойындардың және грек-римдік күрестен чемпион атанған, КСРО спорттан еңбек сіңірген шебері еді. Бүкілресейлік кереңдер қоғамының президенті, Бүкілресейлік кереңдер спорты комитетінің президенті.

Рухледев Заозёрный қаласында 1948 жылы дүниеге келген. Есту мүшесінің мүмкіндігі шектеулі, Новокузнецка қаласындағы № 38 керең балаларға арналған мектеп-интернатында білім алды. № 97 саңырау балаларға арналған Одесса мектеп интернатын бітірді. Одессаға келгеннен кейін күреске қызыға бастады. Оның кереңдігіне байланысты оны секцияларға қабылдамады. Бірақ оның ерік-жігерінің арқасында оны Анатолий Матюшенко атты самбодан жаттықтырушы өз секцияларына алды. 

Керең спортсменнің басқа әдеттегі спорсмендермен тең болғаны басқаларды таң қалдырды: инвалидтің вестибулярлық аспапы бұзылған және сондықтан да оның жағдайы орнықсыз. Оның үстіне Рухлядев танымал және ең мықты деген, еститін спортсмендермен күресті. 16 жасында ол КСРО спортының шебері атағын алды. Осыдан бастап ол өзін классикалық күреске, дзюдоға салып көрмекше болды. 

1970 жылы өзі жеті жыл бойы жақтаған «Динамо» спорттық қоғамының мүшесі болып табылды. 6-реттік самбодан және дзюдодан қоғам чемпионы болды. Кеңес үкіметі заманында «Динамо» қоғамына ең мықты әмірліктердің қызметкерлері кіретін болғандықтан, осы қоғамның чемпионы атану өте құрметті еді. Бұл периодтар аралығында оның тренері Роберт Самвелович Бабаянц болған. 

1972 жылы Ригада өткен самбодан бірінші Еуропа чемпионатында күміс медальға йе болды. Есту мүшесі инвалид адамның дені сау, мықты спортшылардың арасында Ригада өткен самбодан бірінші Еуропа чемпионатында күміс медальға йе болғаны қайталанбас оқиға болды. 

Оның Жазғы кереңдердің грек-рим күресінен әлем ойындарының чемпионы екенін Владимир Невзоров еске салды. 

1982 жылы Бүкілресейлік кереңдер қоғамының Орталық Басқаруының спорт және сауықтыру бөлімінің директоры болып сайланды.

Рухледев 2026 жылғы 9 сәуірде қайтыс болды.

Рухледев жоғарғы білімді, философия ғылымдарының докторы болған. 1974 жылы Ушинский атындағы Одесса педагогикалық институтының тәмәмдады.

Қоғамға қызметі

[өңдеу | дереккөзін өңдеу]
  • 1982 жылы ол — Бүкілресейлік кереңдер қоғамының Орталық Басқаруының спорт және сауықтыру бөлімінің директоры;
  • 1989 жылы ол — Бүкілресейлік кереңдер қоғамының халықаралық байланыстар бөлімінің директоры;
  • 1993 жылы ол — Бүкілресейлік кереңдер қоғамының мүшесі, Бүкілресейлік кереңдер қоғамының президумы, Бүкілресейлік кереңдер қоғамының вицепрезиденті;
  • 2003 жылы ол — Бүкілресейлік кереңдер қоғамының президенті;
  • 2004 жылы ол — мүмкіндігі шектеулі жандар жұмыстары Кеңесінің мүшесі;
  • 2005 жылы ол — Халықаралық  мүмкіндігі шектеулі жандар құқығын қорғау туралы Арнайы комитеттің VI, VII және VIII сессияларындажұмыс атқарған Ресей Федерациясының мемлекеттік делегациясының құрамында;
  • 2006 жылы ол — Әлемдік Федерациялардың  кереңдер Кеңесінің мүшесі;
  • 2006 жылы ол — Ресей Федерациясының әлеуметтік қамсыздандыру Фондын басқару ұйымының мүшесі. 
  • 2009 жылы ол — Ресей Федерациясының президенті алдындағы Инвалидтер жұмыстары Кеңесінің мүшесі;
  • Біртұтас Ресей Бүкілресейлік саяси партияның Генерал Кеңесінің мүшесі

Спорттық қызметтері

[өңдеу | дереккөзін өңдеу]

Еуропа және КСРО чемпионаттарында кәдімгі спортшылар арасында дзюдодан Спорттық кездесулердің халықаралық турнирлерінде 11 рет жеңіске жетті. Грек-римдік Бүкіләлемдік күрестердің 6-реттік чемпионы. 

  • 1993 жылы ол — Жалпыресейлік кереңдер спорты федерациясының жетекшісі;
  • 1996 жылы ол — кереңдер спорты ұйымының Еуропалық Исполкома мүшесі;
  • 2004 жылы ол — Ресей Сурдлимпикалық комитетінің президенті;
  • 2013 жылы ол — Халықаралық кереңдер комитетінің Президенті.

Отбасылық жағдайы

[өңдеу | дереккөзін өңдеу]

Үйленген, ұлы мен қызы бар.

Дереккөздер

[өңдеу | дереккөзін өңдеу]